+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Ақтауда теңіз жағасында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

2020 жылғы 25 наурыз 06:29
Бөлісіңіз:
Ақтауда теңіз жағасында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қала әкімдігінің тапсырмасымен Каспий теңізінің жағалауында дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін 15-шағынаудандағы амфитеатр жанынан бастап дезинфекция жұмыстары басталды. Жағалаудағы отырғыштар, балалар ойын алаңдары мен жаттығу құралдары тазаланды.

Ертең әскери бөлімнің қатысуымен тағы да дезинфекция жұмысы «Ынтымақ» алаңы мен «Мәңгілік алау» монументінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің қызметкерлері қала тұрғындарына сақтық шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын назарға алу мақсатында арнайы көліктерге дауыс зорайтқыш орнатылған. Құрылғыда екі тілде (мемлекеттік және орыс) қажетті қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат жарияланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT