Ақтауда теңіз жағалауындағы жағажайлар жабылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 19 шілдедегі қаулысына сәйкес, қалалық, қоғамдық жағажайлар мен аквапарктердің қызметіне тыйым салынған. Сондықтан бүгін жағалауға блокпост қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Ақтау қаласы бойынша 5 нүктеде жағалау жабылды.

1. 1 шағынаудан жағалауы;

2. 1 шағынаудан «Карвон» мейрамханасының арты;

3. 1 шағынаудан Құтқару қызметі станциясының жаны;

4. 4 шағынаудан Т.Шевченко жағалауы;

5. Жылы жағажай.

Бұл жерлерге блокпост қойылып, арнайы тыйым салынған ленталар ілінді. Осы аталған аумақтарда күнделікті жергілікті полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жағалаудағы осы тыйым салынған ленталарға дейінгі аумақта, саябақ пен скверлерде 3 адамнан аспай серуендеуге рұқсат берілген.


Соңғы жаңалықтар