Ақтауда теңіз жағалауындағы шұңқырға бала құлап кетті
2022 жылғы 8 тамыз 12:24

Ақтауда теңіз жағалауындағы шұңқырға бала құлап кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 15-шағын аудандағы теңіз жағалауында қоршаусыз ашық жатқан шұңқырға бала түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала абайсызда шұңқырға құлап кетті, шығарып алдық. Бірақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері шара қолдануы тиіс» - деді куәгерлер.

Абайсызда болған жағдайдан баланың денсаулығына зиян келмеген.

«Шұңқыр шілде айының соңында жауған нөсер жауыннан пайда болған. Оны қысқа мерзімде қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жұмыстарды қала әкімдігінің мердігерлік ұйымы жасайды», - деді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT