Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Ақтауда теңіз жағалауынан адам денсаулығына қауіпті бактериялар анықталды

2019 жылғы 18 шілде 18:53 346
Бөлісіңіз:
Ақтауда теңіз жағалауынан адам денсаулығына қауіпті бактериялар анықталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық санитар дәрігерлер Каспий суы мен жағажайдағы құмнан сынама алып, адам денсаулығына қауіпті қоздырғыштарды анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зерттеудің қорытындысы бойынша, бұл «Клостридия перфрингенс» бактериясы екендігі анықталды. Оның асқазанға инфекция түсіріп, кез-келген ауруды асқындыру қаупі жоғары. Сондықтан мамандар тұрғындар мен қала қонақтарын шомылу маусымы кезінде сақ болуға шақырады.

Күннің ыстығынан пана іздегендер Каспий теңізінің жағалауына ағылады. Шомылу маусымы басталғалы санитар дәрігерлер теңіз суы мен құмнан екі рет сынама алып, қауіпті қоздырғыштарды анықтаған.

Мамандардың мәлімдеуінше, адам денсаулығына зиян келтіретін бактерия әсіресе жаңбырлы күндері көп таралады. Мамандар құмды қопсытып-қопарып, жағажайларды жиі тазалау керек, дейді. Себебі, осындай кезде бактерия күннің астында өледі екен.

Дабыл қаққан мамандар аталған жағдайға байланысты қала әкіміне хат жазып, ұсыныстарын жолдаған.

«Бұл бактерия топырақта ұзақ сақталып, адамның ағзасына инфекция түсіреді. Ашық жарақаты бар адамдарда газды гангрена пайда болуы мүмкін. Адамның терісін жарақаттайды. Асқынса аяқ не қолды кесу керек болады. Сондықтан тұрғындарға, қала қонақтарынша әсіресе балаларға барынша сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Өйткені аталмыш бактерия иммунитеті әлсіз адамдарға қауіпті», - дейді Ақтау қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Әсима Жұмабайқызы.

Бүгін әкімдікте өткен жиында осы мәселе көтерілді. Енді Ақтау жағажайларындағы құмдарды қопсыту туралы тапсырма берілді.

«Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық штаб бастығы теңізде бақылау бекеттерінің орнатыла бастағанын мәлімдеді. Барлығын тез ұйымдастыру керек. Бұл процеске жағалауда кәсібі бар кәсіпкерлер де шақырылады», -дейді эколог Кирилл Осин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT