Ақтауда тегін медициналық кеңес беру және тексеру акциясы өтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда тегін медициналық кеңес беру және тексеру акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтау жағалауында Денсаулық фестивалі ұйымдастырылуда, онда қала тұрғындары мен қонақтары медицина қызметкерлерінен тегін кеңес алып, экспресс-талдаулар тапсыра алады. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары — облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Маңғыстау салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы хабарлады.

Денсаулық фестивалі 14 қыркүйекте сағат 08:00-де «Самал-Амфитеатр» бағыты бойынша облыстық басқарма және департамент басшылары мен қызметкерлері, медицина ұжымдарының өкілдері және спортшылардың қатысуымен өтетін марафоннан басталады.
Іс-шара 15-інші шағын ауданның жағалауында таңғы жаттығумен жалғасады.
Денсаулық фестивалі аясында медициналық қалашық жұмыс істейтін болады. Мұнда бойды, салмақты, қан қысымының деңгейін білуге және жылжымалы медициналық кешен мен флюорография қызметтерін пайдалануға болады.
Балалар үшін ойын және спорт алаңы ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар