Ақтауда тәртіп сақшылары той кортеждерін тәртіпке келтіруде

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «Той кортежі» атты жеде-сауықтыру шарасы ұйымдастырылды. Екі күн ішінде полицейлер 6 кортеждің жүргізушілеріне айыппұл салды. Рейд журналистермен бірге жүргізілді. Бұл биыл алғаш рет өткізіліп жатқан шара, деп хабарлайды lada.kz.

Алғаш тоқтатылған кортежден екі заң бұзушы табылды. Олардың біріншісі, жас жұбайларды алып бара жатқан Mercedes-Benz көлігін жүргізіп келет жатқан болатын. Оның сақтандыру полисі жоқ болып шықты (ҚР ҚК-нің 612 бап, 1 бөлімі). Тәртіп сақшыларына көлікті айып тұрағына қойып, жас жұбайларға өзге көлікке отыруға тура келген. Mercedes-Benz көлігінің иесіне 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салынды.

Осы кортежден анықталған тағы бір заң бұзушы Toyota Land Cruiser 200 маркілі көлігін жүргізіп келе жатты. Онда кішкентай сәби көліктің ішінде тұрып тұрған. Көлікте сәбилерге арналған арнайы орындық болмаған. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 593 бабы бойынша хаттама толтырылып (Жолаушылары тасымалдау тәртібін орындамау), 12 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Екінші кортежбен кетіп бара жатқан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі де сақтандару полисінсіз жүрген, бұған қоса ол қауіпсіздік белбеуін де тақпаған. Оған қатысты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 612 бабының 1 бөлігі және 593 баптың 1 тармағы бойынша хаттама толтырды. Салынған айыппұлдың көлемі 24 050 теңгені құрады.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, алғашқы 7 күнде төлеп үлгерсе, айппұлдың жартысын ғана төлеу мүмкіндігі бар.

«Бұрын той кортеждері аспанға оқ атып, артқа жүріп, тәртіпті дөрекі бұзатын болса, қазір ондайлар жоқ. Жүргізушілер жол тәртібін қадағалауға тырысады. Бүгін біз де өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған жоқпыз. Рейд шаралары әлі жалғасады»,-деді Ақтау қалалық Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясының аға сержанты Ерболат Раманқұлов.

Соңғы жаңалықтар