Ақтауда тарақан қаптап кеткен балабақшаға тексеру жүргізіледі

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудағы №31 балабақшада тарақан қаптап кеткені туралы ата-аналар шағым жасаған. Олардың шағымы бойынша бөбекжайға тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрамында білім басқармасы, аумақтық сапаны бақылауды қамтамасыз ету департаментінің өкілдері бар арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері балабақшаның жұмысын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша шаралар қабылданады. Сонымен қатар, бірлескен тексеру үшін қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне өтініш жолданды», - делінген Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар