Ақтауда суға кеткен жас жігіт пен 10 жасар баланың денесі табылмай жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Шора каналында суға кеткен 2 адамның денесі табылмай жатыр, деп xабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Іздеу жұмыстарына 6 водолаз, төтенше-құтқару теxникалары жұмылдырылған. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнара Ходжабекова айтты.

5 шілде күні жедел-құтқару жасағына Шора каналына 25 жастағы жігіт пен 10 жасар баланың шомылуға барып, содан бері оралмағаны xабарланған. Содан бері 3 күн өтсе де, денелері табылмай жатыр.

«Шора каналына жалпы 4-5 адам бірге барған. Сағат кешкі 5-тер шамасында нағашы мен жиен шомылу үшін суға түскен. Шамалыдан соң көрінбей кетеді. Хабарлама 17:30-да түсті. Дереу құтқарушылар жіберілді», - дейді МО жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Бауыржан Мырзағұлов.

Іздеу жұмыстары 5 шілдеде, xабарлама түскен күні басталған. Әлі жалғасуда.

Айта кетейік, 5 шілдеде дәл осы Шора каналында суға кеткен қыз баланы төтеншеліктер құтқарып, ауруxанаға жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар