Ақтауда студенттерге арналған жатақхана салынады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында қараша айында 400 орындық жатақхананың құрылысы басталады, - деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Өңірде жатақхана тапшылығы өзекті мәселелердің бірі. Қазірдің өзінде 1 800 орынға сұраныс бар.

Қараша айында 400 орындық жатақхана құрылысы басталады. Сонымен қатар, Ақтау қаласынан тағы 200 орындық нысанды сатып алу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«3 колледждің жанынан жатақхана ашылады деп жоспарланды. Біреуі Жаңаөзен қаласынан, екеуі осы Ақтаудағы 27 шағын ауданнан. 35 сотықтай жер бар. 3 500 шаршы метрдей ғимарат болады. Оны АЭС құрылыс мекемесі салуға ниет білдіріп отыр», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қойжанов.

Соңғы жаңалықтар