Ақтауда сотталғандарға арналған жатақхана опырылып, екі адам мерт болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 16.00-де (Нұр-сұлтан уақыты бойынша) Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінің екі қабатты ғимаратының ішінара құлауы орын алды.

Қазіргі уақытта оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болғаны анықталды, олардың 9-ы қауіпсіз жерге шығарылды.

Нәтижесінде 2 адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Мекемеде ТЖД авариялық-құтқару бригадасы, полиция департаментінің, прокуратураның қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Арнайы техника тартылды. Тағы 1 сотталушыны іздеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-сұлтан), 8-776-677-80-77 нөмірлері бойынша сотталғандардың туыстары үшін тәулік бойы колл-орталық ұйымдастырылды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаровтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Оған ҚАЖ комитетінің басшылығы, ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары кірді. Комиссия мүшелері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға Ақтауға ұшып кетті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік тексеру жүргізілуде.

Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.


Соңғы жаңалықтар