Ақтауда шаңды дауыл соғып тұр

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда шаңды дауыл басылмай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір тәулік бұрын облыстық ТЖД желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейетіні туралы ескерткен болатын. Осыған байланысты, тұрғындарға шұғыл қажеттіліксіз көшеге шықпау, ал көлікті ағаштар мен қауіпті нысандардан аулақ қою ұсынылды.

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар жолдар ашық. Полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Осылайша, жол апаттарының алдын алу шаралары қаралып жатыр. Шаңды дауыл аймақта ертең де басылмауы ықтимал.

«5 сәуірде Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Дауылды ескерту кезінде терезе жақтауларын мүмкіндігінше бекіткен жөн. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды», - деп хабарлады облыстық ТЖД.



Соңғы жаңалықтар