Ақтауда сарбаз іріңді менингиттен көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда сарбаз іріңді менингиттен көз жұмды, деп хабарлайды Лада.

Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаз 14 қазан күні таңертең жан тапсырған. Бұл туралы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сарсенбаев мәлім еткен.

Сарбазды емдеуге тәжірибелі дәрігерлер тартылған, алайда оны құтқару мүмкін болмады.

«Сарбаз қайтыс болды, оның миы 9:33-те жұмысын тоқтатты», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мерзімді қызметтегі сарбаз 30 қыркүйек күні іріңді  менингоэнцефалит дертімен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған болатын.

6656 әскери бөлімінде осы оқиғаға байланысты карантин жарияланды. Сарбазбен бірге борышын өтеп жүрген алты жігіт іле-шала ауруханаға жатқызылды, алайда көп уақыт өтпей олар шығарылды. 

Соңғы жаңалықтар