Ақтауда самбодан Азия кубогы мәресіне жетті

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Абай облысының спортшылары ашық Азия кубогында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпионатқа 13-тен астам елден 200 спортшы қатысты.

Жарыс Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан самбо федерациясының төрағалығымен алғаш рет өтті.

Ондаған әлем чемпиондары мен құрлықтық турнир жеңімпаздары бозкілемде сынға түсті.

Нәтижесінде спорттық самбодан Есентай Имаханов 64 кг салмақта 1-орын, Елдар Бейсембаев 88 кг салмақта 2-орын, жауынгерлік самбодан Маратбек Рахметоллин 64 кг салмақта 3-орын, Бақытжан Дүйсембеков 79 кг салмақта 1-орын, Асылбек Смаилов 79 кг салмақта 2-орын, Дамир Секен +98 кг салмақта 3-орын иеленді.

Айта кетейік, Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан ашық Азия кубогы аяқталды.


Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi



Соңғы жаңалықтар