Ақтауда прокурорлар мүгедек жанның пәтерін қайтарып алуына көмектесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жанның пәтерін қайтарып алуына көмектесті, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Мүгедек жан өзінің қамқоршысынан айырылған соң баспанасыз қала жаздады. Кейін белгілі болғанындай, ол мемлекеттен заңды түрде пәтер алған және оны өзін асырап отырған бауырының атына рәсімдеген. Оның үстіне мүгедек жанды қамқорлығына алған азаматтың да тегі Махмудов болған.

«1996 жылы қамқоршы-Махмудов қайтыс болған, ал мүгедек жанды қамқорлығына оның тағы бір туысы алған және оның да тегі Махмудов болған. Мән-жайды тексерген әкімдік қызметкерлері пәтер иесі Махмудовтың қайтыс болғанын анықтайды. Мұндай жағдай да пәтер иесіз болып саналады және ол коммуналдық меншікке қайтарылуы тиіс»,-деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Осылайша, баспанасынан айырылған жан амалсыз прокуратура қызметкерлерінен көмек сұрауға мәжбүр болады. Қадағалаушы органның өкілдері әкімдік қызметкерлеріне мүгедек жанның пәтер алып, алайда қамқоршысының қайтыс болуына байланысты баспанасыз қалғанын дәлелдеп берді. Ал бұл уақытта пәтер мемлекет меншігіне қайтарылып қойған. Сондықтан мүгедек жанға оны нөлдік проценттік ставкамен жекешелендіріп алуына мүмкіндік жасалды.

«Біз қала әкімдігінің дау туғызып отырған пәтерді қамқоршының қайтарымсыз жекешелендіруіне қол жеткіздік»,-деп түсіндірді прокуратура өкілдері.

Соңғы жаңалықтар