Ақтауда полипропилен қапшықтар өндіретін кәсіпорын іске қосылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда полипропилен қапшықтар өндіретін кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инвестор компания жобаға 900 млн теңге қаржы құяды. Жаңа кәсіпорында 40-тан астам тұрақты жұмыс орны ашылып, өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек.

Аумағы 1600 шаршы метрді құрайтын ғимарат Ақтаудағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан.

«Байқауға 4 компания қатысып, «Вест эко п ласт» серіктестігі жеңді»,-дейді «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Бауыржан Қайратов.

Полипропиленді қапшықтарды құрылыс материалдары мен химиялық өнімдерді тасымалдауға қолданады.

Маңғыстаудағы жаңа жоба келесі жылдың соңында іске қосылады. Өндіріс 40-тан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Серіктестікке ғимарат 2 жылға сенімгерлік басқаруға берілген. Осы уақыт аралығында кәсіпорынның жұмысы жандануы тиіс.

«Біз Австриялық компаниямен келісімшартқа отырдық. Олар қажетті жабдықтарды жеткізіп, монтаждап, мамандарды оқытуды мойнына алды. Қазіргі таңда жобаның техникалық шарттын алдық»,-дейді серіктестік директорының м.а. Еркебұлан Баймолдин.

Кәсіпорында жылына 250 мыңнан 500 мың данаға дейін полипропиленді қапшық шығарылады. Нарықта «БигБег» деп аталатын өнімге өңірдегі мекемелерден қазірдің өзінде сұраныс көп.

Соңғы жаңалықтар