Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

None
None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтау қаласы ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 тамыз күні сағат 03:50 шамасында мойын тұсына алған жарақатпен полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды.

«Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қаза болды. Қазір бұл іске күдікті – 27 жастағы азамат ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.

Қаза тапқан азамат 26 жаста, Маңғыстау облысында туған. Үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.


Соңғы жаңалықтар