Ақтауда полиция 7 миллион теңге ұрлағандарға іздеу салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудың 12-ықшамауданындағы №7 үйдің пәтерін тонағандардың тұлғасы анықталып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Лада.кз.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, қарақшылық дерегі Ақтау ІІБ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188- бабының («Ұрлық») 4-бөлігімен тіркелген.

Айта кетейік, белгісіз адамдар үйде ешкім жоқта пәтердің есігінен кіріп, сейфтегі 7 миллион теңгеден астам ақша мен жалпы құны екі жарым миллион болатын алтын әшекейлерді жымқырып кеткен.

Жәбірленушілер сол тұрғын үйдің тұрғындарының бірі ұрлаған деп күдіктеніп отыр.

Пәтер иелерінің айтуынша, тергеу амалдары баяу жүріп жатыр. Сондықтан олар қалалық прокуратураға жүгінбек.

Фото: lada.kz

Соңғы жаңалықтар