Ақтауда полицейлер теңізге батып бара жатқан әйелді құтқарды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаулық полицейлер суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

17 наурыз күні Ақтау қалалық полиция басқармасының кезекші пультіне «Самал» шағынауданында бір қыздың теңізге секіріп, батып кеткені туарлы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына «Сұңқар-5» патрульдік полиция батальонының экипажы жіберілді.

Оның құрамында Ержан Көкенов, Мұрат Шыныбеков және учаскелік полиция инспекторы Нұржан Жакиев болды.

Патруль полициясының инспекторы Ержан Көкенов киімін шешіп, бірден қызды құтқаруға кіріскен.

Полиция қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан.

Қазіргі кезде 30 жастағы әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.



Соңғы жаңалықтар