Ақтауда покер ойыны бизнесін ұйымдастырушы мен екі дилер ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз ойын бизнесі нүктесін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының 15-шағын ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ұйымдастырылған заңсыз ойын бизнесі жойылды. Ұйымдастырушы мен екі дилер ұсталды.

Мекенжай бойынша тінту жүргізу кезінде ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 ойын фишкасы, 16 қорап ойын картасы және марихуана пайдалануға арналған қолдан жасалған екі құрал тәркіленді. Сондай-ақ, 374 мың теңге, 200 доллар және 50 еуро мен құрамында марихуана бар түйіншек тәркіленді.

Сондай-ақ, үй-жайда даяшы мен басқа да ойыншылар болған.

Аталған дерек ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар