+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскери қызметші ауыр жағдайда жатыр

2020 жылғы 11 тамыз 13:54
Бөлісіңіз:
Ақтауда парашюті ашылмай қалған әскери қызметші ауыр жағдайда жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жауынгерлік даярлық барысында әскери қызметшілердің бірінің парашюты ашылмай қалды. Сарбаз ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында әскери қызметшілердің бірінде парашют толық ашылмады. Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді. Қосалқы парашютті пайдаланбау салдарынан жерге қатты түсті», - делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметшіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілген.

«8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр. Парашютпен секіру қолайлы метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалды. Әскери қызметшілермен секіруді орындау алдында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді. Оқиғаның себептерін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды», - деп атап өтеді Қорғаныс министрлігінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT