Ақтауда өзінің 3 баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтау қаласындағы 27 шағын ауданның пәтерінен зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады» делінген мәліметте.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар