Ақтауда ойын алаңынан кішкентай қызды алып кеткен күдікті педофил ұсталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда ойын алаңында кішкентай қызды алып кетпек болған күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«ҚР Қылмыстық Кодексінің 124-бап 1-бөлімі (Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) бойынша із қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Белгілі болғандай, 29 шілде күні шамамен сағат 13:00-де Ақтау қалалық полиция басқармасына хабарлама түсті. Белгісіз ер адам ойын алаңында жүрген кішкентай қызды ертіп кеткен. Әрі қарай подъезге кіргізіп, азғындық әрекетін іске асырмақ болған. Абырой болғанда, көршілері көріп қалған. Полиция қызметкерлері дереу жетіп, күдіктіні ұстады»,-делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған ұқсас оқиға 23 шілдеде Сәтбаев қаласында болды. Полициясына ер адам бес жасар қызының жоғалғанын айтып, арызданған болатын. Қызды іздеу жұмыстарына жергілікті полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен жүзден астам ерікті қатысты. Бала түнде көпқабатты үйлердің бірінен табылды . Бұл шаһарда үлкен шу туғызды.

Сондай-ақ, Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.


Соңғы жаңалықтар