Ақтауда өртеніп жатқан үйден бала құтқарылды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда өртеніп жатқан үйден 6 жасар бала құтқарылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 10 наурызда сағат 23:06 шамасынла Ақтау қаласының 11-шағын ауданындағы 19-үйдің 7-қабатында болған.

«Оқиға орнына жеткеннен кейін, пәтердің жатын бөлмесінеде жиһаздың (кроват) жануы анықталды. Қалған бөлмелер толықтай ысталған. Пәтердің жалпы ауданы - 50 шаршы метр, жану ауданы - 15 шаршы метр. Құтқарушылар аталған пәтерден 2017 жылғы кішкентай баланы қауіпсіз жерге шығарды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт 23:41-де сөндірілді.


Соңғы жаңалықтар