Ақтауда өртенген пәтерден әйел адамның денесі табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда өртенген пәтер ішінен 35 жастағы келіншектің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ақтауда аптап ыстықта қаладағы тұрғын үйдің бірінде өрт шыққан. Оқыс оқиға 1 шілде күні кешке болған.

Көршілер мен куәгерлер өрттің қашан және қалай тұтанғанын білмейді. Көпшілік қызыл жалын күшейіп, қара түтін бірнеше қабатты шарпыған кезде дабыл қаққан. Оқиға орнына 3 өрт сөндіру техникасы мен 18 жеке құрам қызметкерлері  жұмылдырылған. Өртті ауыздықтау барысында бір адам жеңіл жарақат алған. Ал өртенген үйде 35 жастағы келіншектің денесі табылған.

«Өрт сөндіру барысында жеке құраммен 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, 50 адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан 1 адам зардап шекті және 1983 жылғы әйел адамның мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі қазіргі таңда анықталып жатыр», - дейді облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы. 

Соңғы жаңалықтар