Ақтауда орталық құбырмен ауызсу беру қысымы төмендетіледі

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ыстық су шығынының ұлғаюына байланысты қаланың төменгі және жоғарғы аймақтарында ауызсу қысымы төмендетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтауда ыстық су шығынының ұлғаюына және құрамында дистилляты бар резервуарлардағы деңгейдің төмендеуіне байланысты кәсіпорын қаланың төменгі және жоғарғы аймақтарына ауызсу қысымын төмендетуге мәжбүр«, - делінген «Маэк-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мәліметінде.

Айта кетейік, Ақтау халқының кәсіпорынға 606 млн теңге қарызы бар екенін және Президент өңірге сапарында «Маэк-Қазатомөнеркәсіпті» жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар