Ақтауда Онлайн БКМ жәрмеңкесі өтіп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының аумағында жалпы республикалық бірыңғай Ашық есік күні аясында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 28 қазанда сағат 10.00-ден техникалық қызмет көрсету орталықтары өкілдерінің қатысуымен Онлайн жәрмеңкесін өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

2020 жылдан бастап ақша айналымымен айналысатын барлық кәсіпкерлер онлайн-БКМ БКМ (бақылау-кассалық машина) қолдануға міндетті.

Онлайн-БКМ интернетке қосылады және ФДО-ға ақша операциялары туралы мәліметтерді береді.

Айта кеткен жөн, Онлайн-БКМ екі үлкен санатқа бөлінеді: 1. Аппараттық. Бұл карталарды қабылдап, чектерді басып шығара алатын дербес құрылғылар. Мұндай БКМ батареядан немесе тұрақты қуат көзінен дербес жұмыс істей алады.

2. Бағдарламалық. Бұл сіз бағдарламаны сатып алып, оны кез келген құрылғыға орната алатын жағдай: ноутбук, планшет немесе смартфон.

Салық төлеушілерге олардың бизнесі үшін қолайлы кассалық шешімдер туралы білуге, заманауи кассалық аппарат сатып алуға және оларды пайдалану бойынша кеңес алуға мүмкіндік берілді.

Соңғы жаңалықтар