Ақтауда өлтіріп кеткен КТК ойыншысы Данияр Әлімбевқа қатысты іс сотқа жолданды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Көңілділер мен тапқырлар клубынан Ақтөбе құрамасының экс-ойыншысын өлтіру ісі бойынша тергеу амалдары аяқталды. Іс материалдары сотқа жіберілді. Бұл жөнінде марқұмның достары мәлім етті, деп хабарлайды Lada.kz.

Данияр Әлімбаевтың достарының айтуынша, оның өліміне қатысты іс материалдары өткен аптада, 14 қыркүйек күні, сотқа жіберілген. Іс бойынша оқиғадан кейін бірден ұсталған үш күдікті тергеуден өтіп жатыр.

«Білуімізше, үшеуі де тергеу изоляторына жіберілген. Біреуіне кісі өлтірді деген күдік келтіріліп отыр. Қалған екеуі аталмыш іс бойынша сыбайлас ретінде тергеуден өтіп жатыр. Олар жазаларын алып, жауапкершіліктен жалтармайды деп үміттенеміз», - деді Данияр Әлімбаевтың достары.
Еске салайық, Көңілділер мен тапқырлар клубының бұрынғы мүшесіне пышақ сұғып алғаннан кейін ол көз жұмған еді. Іс бойынша үш күдікті ұсталды.

Қаза тапқан ер адамның достары тергеу амалдарының жүру процесіне алаңдаушылық білдіріп, іс қараусыз қалады деп қорыққан. Алайда Маңғыстау облысы ІІД басшылығы істі өз бақылауына алып, ешкім заңнан қашып-кұтыла алмайтынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар