Ақтауда Наурыз тойлауға 20 мыңнан аса адам жиналды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Наурыз мейрамын тойлауға теңіз жағалауына 20 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Амфитеатр алаңына 20 мыңнан астам адам жиналды.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін киіз үйлер тігіліп, наурыз көже мен ұлттық тағамдар әзірленді.
Дәстүр бойынша көрермендер қойылымдарды тамашалады. Түрлі ұлттардың қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
Ән шырқалып, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізілді.
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, елдің жетістігі – халықтың бірлігі мен ынтымағы екенін атап өтті.

«Құрметті маңғыстаулықтар, еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері, саяси тұрақтылық, қоғамдағы келісім – біздің еңбегіміздің жемісі. Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Наурыз мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысында 250-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар