Ақтауда мұғалімдердің барлығы вакцина салдырды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда мектеп мұғалімдерінің барлығы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қазір облыс орталығында 39 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 25 мемлекеттік, 1 кешкі, 11 жекеменшік.

Мұғалімдер мен 2415 қызметкер коронавирус инфекциясына қарсы толық вакцина алды.

Бұл қала бойынша мектептердегі мұғалімдердің жалпы санының 99,5%.

Осылайша, педагогтар жаңа оқу жылына тас-түйін дайын.

«Мұғалімдер вакцинаны ерікті түрде мамыр айынан бастап салдыра бастады. Олар балалармен тікелей қарым-қатынаста болатындықтан егу жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Биылғы оқу процесі санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. Мектептерде дезинфекцияның 4 сатылы сүзгісі, желдету, кварцтау, ылғалды жинау режимі күшейтіледі», -деді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева.

Биыл жаңа оқу жылында қала мектептері 50 мыңнан астам оқушыны қабылдайды деп жоспарланған. Оның ішінде 6150-і - бірінші сыныпқа қадам басады.


Соңғы жаңалықтар