Ақтауда митингке қатысушылар киіз үйлер мен палаткаларды жинап жатыр (ФОТО)

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңында наразылық білдіруге шыққан азаматтар тарап жатыр. Қала әкімдігі алдындағы алаңда көліктерге кіруге кедергі жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтау полициясы Ынтымақ алаңынан кетуден бас тартқан бірнеше қатысушыны ұстады. Кеше наразылық білдірушілерді акцияны тоқтатуға үндеді. Қазіргі кезде Ақтаудағы митинг толық аяқталды.


Айта кетсек, бүгіннен бастап Маңғыстау облысында қоғамдық көлік барлық бағдарлар бойынша жүре бастаған. Әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істеуде, бірақ алғашқы ұшақтың тек кешке ұшатыны туралы нақтыланды. Ол әуежайдан ұша алмай, сол жердегі қонақүйде түнеген жолаушыларды елордаға жеткізеді. Қазіргі кезде қалада жағдай тыныш әрі тұрақты.


Соңғы жаңалықтар