+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Ақтауда мейрамхана иесі той жасағаны үшін 640 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

2020 жылғы 16 қыркүйек 22:24
Бөлісіңіз:
Ақтауда мейрамхана иесі той жасағаны үшін 640 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда карантин кезінде той өткізгендерге айыппұл салынды. Бұл жөнінде облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада карантин кезінде қыз ұзатып, туған күн тойлағандар анықталды Шымкентте автокөрме ұйымдастырылып, оған 100-ден астам адам жиналған Ақмолада кейбір дүкен-базарлар карантинге қарамастан демалыс күні жұмыс істеген

«Ақтау қаласында өткен тойдан түсірілген видеоматериал фактісі бойынша жергілікті полиция қызметі мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері салтанатты шараның өткен орны мен оның иесінің кім екенін анықтады. Аталған басқарма тойхананың иесін Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қозғап жатыр. Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған шараны ұйымдастырушыларды анықтау үшін жұмыс жүргізуде», - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы энергетика басқармасының қызметкеріне қатысты көпшілік шараны өткізу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы жағдай бойынша қазір Маңғыстау облыстық әкімшілігіне және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментіне одан әрі шара қолдану жөнінде ресми хат жолданды.

Сонымен қатар той өткізілген орынның меншік иесіне қатысты да хаттама толтырылып, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда тығылып той жасағандардың видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT