Ақтауда мектеп пен балабақша бухгалтериялары біріктіріледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда мектеп пен балабақшалардың бухгалтериялары біріктірілмек. Бұл туралы қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Алтынай Элеупова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жүйе кей есепшілердің бірнеше жерде жұмыс істеу фактісін және демеуші тарапынан түскен қаражаттың қайда кетіп жатқанын анықтау мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ, ата-ананың жарнаны қашан төлегенін білу үшін де қолға алынды. Бірақ бұл әзірше жоба ретінде қаралуда. Толық ақпарат алдағы уақытта беріледі дейді мамандар.

Айта кетейік, былтыр өңірде 1495 орындық 9 балабақша өз жұмысын бастаса, биыл тағы 3 бөбекжай ашылмақ. Ал бүгінде қала бойынша 0-6 жас аралығындағы 14 646 бала балабақша кезегінде тұр.

«Бүгінде 45 есепші үшін жұмыс орны бар. Ал, қалған қызметкерлерге қаланың білім мекемелерінен бос лауазымдар ұсынылмақ. Демек, ешкім жұмыссыз қалмайды. Балабақша мен мектеп басшылары тек баланың білімі және тәрбиесімен айналысатын болады. Орталықтандырудың басты артықшылығы - мемлекет қаражатын үнемдеп, тиімді жоспарлау мен қаржыландыруға әкеледі»,-дейді Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Алтынай Элеупова.

Соңғы жаңалықтар