Ақтауда мәслихат депутаты қамқор болам деген желеумен «Каспий» клубынан ақша алып отырған

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 25 қарашада Ақтау қалалық сотының үкімімен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Оған заңсыз жолмен алынған қаражат сомасынан он есе көп айыппұл салынды.

Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

«Ахмет Салманов 2021 жылдың мамыр айынан бастап 2022 жылдың шілдесіне дейін алаяқтық жолмен «Каспий» футбол клубына жалпы қамқорлық көрсетем және футбол клубын ұстауға облыстық бюджеттен қаражат бөлуге жәрдемдесем деген желеумен клуб директорының 766 000 теңге қаражатын қалтасына басқан» делінген мәліметте.

Осылайша, сотталған адам 7 млн 660 мың теңге төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар