Ақтауда мас жүргізуші газ құбырына соғылып, автокөлік жанып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласы маңында мас жүргізуші газ құбырына соғылып, автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 қазан күні болды.

Сағат 22.00-де Мұнайлы ауданы полиция бөліміне Басқұдық ауылында жол-көлік оқиғасының болғаны жөнінде хабар түскен.

Кейін анықталғанындай, УАЗ «Patriot» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде газ құбырына соғылған.

Соның салдарынан автокөлік пен газ құбыры жанды.

Өрт құтқарушылар мен газ қызметі қызметкерлерінің күшімен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша құқық бұзушыға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адамның жанып кеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар