Ақтауда «Mangystau Nauryz fest - 2023» фестивалі өтіп жатыр

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтауда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Mangystau Nauryz fest - 2023» фестивалі өтіп жатыр. Шара аясында жастар тал отырғызып, тәттілер үлестірді, деп ҚазАқпарат тілшісі.
Жастар фестивалінің алғашқы күні орталық мамандары мен волонтерлері жастар үйінің маңына 25 шырша ағашын отырғызды.
Ал қала тұрғындарын мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Жыл құтты болсын!» деген жазуы бар 250-ге жуық тәтті таратты.

15 наурызда жастар орталығы маңынан құрылған волонтерлер облыстық отбасылық үлгідегі балалар үйі мен сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне жаңажылдық базарлық үлестірді. Сонымен қатар аналар үйінен көмек алатын жалғызбасты, көпбалалы аналарға барып, сый-сияпат көрсетті. Осылайша, биыл 50-ге жуық адамға мерекелік сыйлық табысталды.
Жастар фестивалі 22 наурызға дейін жалғасады.