Ақтауда қыз баланың асқазанынан скотч, қалам мен темір алынды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында дәрігерлер 12 жасар мүгедек қыздың асқазанынан қалам, скотч, темір бөлшегін және бір уыс шаш алып шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық балалар ауруxанасына Жаңаөзен қаласынан балалардың сал ауруына шалдыққан, психикалық дамуында ахуалы бар 12 жастағы қыз ауыр xалде түскен. Ата-анасы іші ауырып, құса беретінін айтқан.
Дәрігерлер оның құрсақ қуысын рентгенге түсірген. Нәтижесінде баланың асқазанында түрлі бөгде заттар бары анықталған. Дереу ота жасалып, ішінен темір зат, қалам, скотч, шаш шыққан.
«Операциядан кейін асқынулар болған жоқ. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.
- Ақсуда жылдар бойы оқушы қыздарды зорлап келген педофил өмір бойына сотталды
- Түркістан облысында жол жабылып, тау ортасындағы ауыл қар құрсауында қалып қойды
- Археологтар Ростов облысында Алтын орда кезеңіндегі монеталар көмбесін тапты
- Павлодарда мас адам трассадағы ағылып жатқан көліктің астына түспек болған
-
Ақтөбеде бір мектепке екі мәрте «бомба қойған» адам табылмай жатыр
-
Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air компаниясын бесінші рет сотқа берді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам