Ақтауда КВН-ның бұрынғы ойыншысын пышақтап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Көңілді және тапқырлар клубының бұрынғы мүшесі Данияр Әлімбаевты Ақтауда өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, Д.Әлімбаевты 21 шілдеге қараған түні пышақтап кеткен. Ол екі санына салынған жарақат салдарынан көз жұмды.
Оқиға сағат 03.30 шамасында 6-шағын аудандағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған.
«Түнде өте ауыр жағдайда екі аяғы жарақаттанған ер адам жеткізілді. Бір аяғында күретамыр мен жоғары көктамырларына зақым келген. Оған шұғыл түрде ота жасалды, кейін ол жансақтау бөліміне ауыстырылды», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын КВН-ның бұрынғы мүшесінің достары айтып берді.
«Түнде дәмхана жанында төбелес болды. Данияр шетте тұрған еді. Бірақ арадағы біреу оның аяғына пышақ салып алды. Ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қала алмады. Ол көп қан жоғалтты», - деді көз жұмған ер адамның досы.
«Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер ұсталды. Үшеуі де Ақтау тұрғындары», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Қаза болған 32 жастағы Данияр Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды. Ол Ақтөбенің КВН-нан құрама командасының бұрынғы мүшесі. Сондай-ақ Сочидегі фестивальда маңғыстаулық КВН ойыншыларымен бірге Батыс Қазақстанның құрамасында болды.
- Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
- Амстердам әуежайында әлемдегі ең ірі есірткі тасушының бірі қолға түсті
- Былтыр электрондық форматтағы әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалар 6 млн-нан асты
- 2020 жылы әкімшілік істер бойынша қанша айыппұл салынды
-
Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан
-
Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам