Ақтауда КВИ науқастары азайып, провизорлық стационар жұмысын тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Үкімет отырысында өңірдегі коронавируспен күрес шараларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



«Облыста коронавирус инфекциясы жағдайы бойынша ресми 2743 адам тіркелді. Соңғы тәулікте 44 жағдай тіркеліп, аурудың тәуліктік өсу қарқыны 1,6% құрады. Бұл карантиндік шектеулер арқасында жұғудың екі есе төмендегенін көрсетеді. 1898 адам немесе 70,3% емделіп шықты», - деп атап өтті С. Трұмов.

Шілде айында пневмониямен ауырғандар саны 1431-ге жетсе, қазір бұл көрсеткіш 56 пайызға төмендеп, 657 адам ем алып жатыр.

«Ақтау қаласындағы №1 жүз орындық провизорлық стационар жұмысы тоқтатылды. Себебі адам саны азайды. Бұл төсек-орындар кез-келген уақытта пайдалану үшін резервте сақталады. Қазіргі уақытта 1561 төсек-орын бар, оның толымдылығы 53% құрайды», - дейді облыс басшысы.

Жедел жәрдем шақыртулардың саны 45% - пайызға төмендеді, оның ішінде пневмония бойынша шақыртулар шамамен 3 есеге азайды.

«Медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша облыста 218 өкпені жасанды тыныстандыру аппараты бар, оның 121-і короновирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге тартылды. Коронавирустық инфекциямен күресте 336 дана оттегі концентраторы жұмыс істейді. Өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарында кислородтық станцияларды құруға 7 нысан жоспарланды. Қазір облыстық резервтен 24 млн теңге бөлініп, бұл жұмыстар басталып кетті», - дейді өңір әкімі.


Соңғы жаңалықтар