Ақтауда құтқарушылар құлыптанып қалған пәтерлерден екі зейнеткерді алып шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бірінші оқиға 15-шағын ауданда болған. Егде жастағы ер адам сыртқы есікті аша алмаған. Екінші жағдай 14-шағын ауданда тіркелді. Зейнет жасындағы әйел құлыптанып қалған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше, 13 маусым күндіз 15-шағын аудандағы №43 үйдің 5-қабатында орналасқан құлыптаулы пәтерде егде жастағы ер адамның іште қалып қойғаны туралы хабар түскен. Белгілі болғандай, жалғыз тұратын 70 жастағы зейнеткер сыртқы есікті аша алмаған. Келген құтқарушылар пәтерге автобаспалдақ арқылы кіріп, оның шығуына көмектескен.

Дәл осындай оқиға 13 маусым күндіз 14-шағын аудандағы №39 үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде де болған. Егде әйел сыртқы есігін аша алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Соңғы жаңалықтар