Ақтауда құны 1 млрд доллар болатын жаңа зауыт салынады

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Ақтауда құны 1 млрд доллар болатын аммиак-карбамидті кешені салынады, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Құны 16,75 миллион еуро тұратын келісімшарт бойынша испандық компания базалық жобаны 12 ай ішінде жүзеге асырады. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін шетелдік мамандар EPC келісімімен жұмысын жалғастыратын болады. Оған сәйкес испандық компания жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, құрылыс-монтаж жұмыстарын бақылауды, персоналды оқытуды және іске қосу-реттеу жұмыстарын қамтамасыз етеді», - деп мәлім етті «ҚазАзот» ЖШС баспасөз қызметінен.

Жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард долларға жуық болатын аммиак-карбамидті кешені Маңғыстау облысындағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында салынбақ. Өңірде химиялық өнеркәсіп өнімдерінің басым бөлігі АЭА аумағында өндірілетіндіктен, аталған зауытты осы аймақта салу тиімді болмақ.

Құрылысты 2026 жылдың 4-тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Зауыттың құрылысына 1,5 мың уақытша жұмысшы тартылмақ. Жобаны іске асырғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орны ашылады.


Фото: kazazot.kz


Соңғы жаңалықтар