+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтауда күніне 8 мыңға жуық маска тігіледі

2020 жылғы 27 наурыз 13:31
Бөлісіңіз:
Ақтауда күніне 8 мыңға жуық маска тігіледі

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында тігінші кәсіпкерлер мен еріктілердің жұмылуымен күн сайын сегіз мың данаға жуық бетперде тігіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, «Жамал-ай» ЖШС-ның 10-ға жуық тігін цехы, «Шуағыңды шаш» қоғамдық қорының мамандары белсенділік танытуда. Бұдан бөлек, волонтерлер де бар. Мәселен, көпбалалы аналар, жастар, мәдениет қызметкерлері, балабақша мен мектеп ұстаздары өз қолдарынан келгенше көмек көрсетуде.

Тігілген бетперделер күн сайын әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, мүгедектерге, сауда орталықтарына, «Асар-с» базарына, «Дина» гипермаркетіне, қоғамдық көліктердегі тұрғындарға тегін таратылады. Одан бөлек, күн сайын қаладағы 2-47А, 6-36, 8-9, 13-5Б-1Б, 5-7, 28А-1, 32Б-22, 12-19, 28 ш/а «Ақжелкен» мекенжайларындағы дәріханаларға жеткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT