Ақтауда күдікті автокөлікті айдап кетпек болған жерінен қолға түсті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда күдікті автокөлікті айдап кетпек болған жерінен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше таңғы сағат 08.00-дер шамасында болған.

Ұлттық ұлан офицері үйінен шыға бергенде, көлікте жан-жағына алаңдап отырған азаматты байқайды.

Майор Бақтияр Қалдыбеков бұл жерде бір «гәп» барын сезінді. Өйткені ол көлік иесін жақсы білетін.

Ұлттық ұлан офицері көлікке жақындап, іштегі адамды шақырғаны сол еді, ол екінші есіктен шығып, қаша жөнелді.

Осыған куә болған тағы бір көрші күдіктінің ұсталуына көмектесті. Қарсылық танытқанына қарамастан, күдікті қолға түсіп, полицияға тапсырылды.

Кейін белгілі болғанындай, ол бұған дейін де істі болып, іздеуде жүрген тұрғын екендігі анықталды.

Соңғы жаңалықтар