Ақтауда көпқабатты үйден құлап кеткен екі жасар қыз аман қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Екі жасар бүлдіршін үшінші қабаттан құлаған кезде ағаштың үстіне түсіп, аман қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаевтың хабарлауынша, екі жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 12 мамыр күні 19:20-да жеткізілген. Оның миы шайқалып, беті мен басынан жарақат алған.

«Ата-анасының айтуынша, бүлдіршін үшінші қабаттан құлаған. Ата-анасы оны ауруханаға шұғыл түрде жеткізіп, соның арқасында аман қалды», - деді Азамат Сәрсенбаев.

Баланың денсаулығы бірқалыпқа келгеннен кейін оны травматология бөліміне ауыстырды.

«Қазіргі уақытта бүлдіршіннің жағдайы жақсы», - деп атап өтті Азамат Сәрсенбаев.

Соңғы жаңалықтар