Ақтауда көпбалалы ана 6 адамды жұмыспен қамтып отыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық Динара Көктаубайқызы 29 шағын-аудандағы «Жанұя» әлеуметтік қолдау орталығында тігін цехын ашып, өзі секілді ісмер әйелдерді жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Динараның айтуынша, оның мақсаты - көпбалалы және аз қамтылған аналарды жұмысқа орналастыру, осы кәсіпті меңгеруге үлес қосу.
«Ақтау қаласының әкімдігі тарапынан қолдау болып, «Жанұя» орталығынан бөлме берілді. Тігін машиналарын сатып алдым. Менімен бірге 2 көпбалалы ана, 1 мүгедектігі бар ана, 2 асыраушысынан айырылған келіншек жұмыс істеп жатыр. Олардың түрлі киімді тігіп, пішуге қабілеттері мен ынталары жеткілікті. Алдымен төсек-көрпе тігіп бастадық. Сосын перделер, балалар киімдері, медициналық халаттар, кейін жұмысшыларға арналған арнайы киімдерден тапсырыстар түсті. Әрқайсысын сапалы етіп жасауға әрі тапсырыс берушілердің көңілінен шығуға тырысамыз»,-дейді ол.
Динараның тігін тігуге деген құштарлығын анасы оятқан. Қыр, сырын меңгеріп, машықтана бастаған соң тігін курсына барып, біліктілігін жетілдірген. Қазір қарамағындағы қыздарды үйретіп жүр. Қазір тігін цехында қызмет ететін 7 әйел бар.
Айта кетейік, «Жанұя» орталығында аз қамтылған көпбалалы аналар, жеке кәсібін ашуға ниетті жандар мен өздерін толғандырған мәселелерге байланысты кеңес алуға мүмкіндік бар.
- Президенттің 7 саяси бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
- Маңғыстауда мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
- Сағынтаев жаңа мәслихаттың алдынағы сөзінде Алматының өзекті міндеттерін атады
- СҚО-да былтыр 543 адам кәсіпорындардағы оқу орталықтарында қайта даярлықтан өтті
-
Ақтауда діни мереке кезінде теңіз жағасында суға түсуге шектеу қойылды
-
Президент әлеуметтік қолдауға қатысты пікір білдірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам