Ақтауда контейнерлік хаб құрылады – министрлік

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймағында контейнерлік хаб құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл оқиға Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүк тасымалын дамытуды мақсат етеді. Инвестор ретінде PSA Group, Maersk, MSC сынды әлемдік контейнерлік операторларды тарту көзделіп отыр.

«Бүгінге дейін Арнайы экономикалық аймақта 18 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ тағы 25 жоба іске асырылу кезеңінде. Жалпы алғанда, экономикалық аймақтағы қолға алынған жұмыстардың басым бағыты мұнай өндіру мен мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс, порт және туристік салаларды дамытуға арналған. АЭА құрылғаннан бері 1 720 тұрақты жұмыс орны ашылды», - деді ведомстводан.

Министрлік хабарламасында 19 жылдан бері АЭА аумағындағы іске асырылған жобаларға инвесторлар тарапынан 260,7 млрд теңге салынғаны да жазылған. Ал шетелдік инвестиция көлемі 168 млрд теңгені құрайды.

Айта кетерлігі, «Ақтау теңіз порты» АЭА-да жобаларды жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған. Аймаққа қажетті инфрақұрылым жүргізіліп, салықтық және кедендік преференциялар ұсынылған. Сондай-ақ жобаларды сүйемелдеу мен олардың мониторингі іске асырылады.


Соңғы жаңалықтар