Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, өртеніп кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 27 шағынаудандағы 67 үйдің жанында көліктің газ баллоны жарылып, түгі қалмай жанып кетті. Куәгерлердің айтуынша, «Daewoo Nexia» өртенерден 5 минут бұрын көліктің жолаушы отыратын есігінен балалар түсіп, ойнап жүрген.

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назар Селимов мәлім етті.

«Өрт сөндірушілер келгенге дейін көлікте газ баллоны жарылды. Салдарынан көлік түгі қалмай өртеніп кетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға «Пурга»көбік шашатын техника мен 6 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ»,- деді Назар Селимов.


«Daewoo Nexia» жарылған кезде машина қалдықтары жақын жерде тұрған «Lada Granta» көлігін зақымдап, автомобильдің сол жақ бөлігі өртеніп кеткен.


Соңғы жаңалықтар