Ақтауда көліктің газ баллоны жарылды: Жүргізуші келіншек ауыр халде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда көлік өртенді, салдарынан әйел адам зардап шекті, деп хабарлайды Лада сайты.

Маңғыстау облыстық ауруханасының травмотология және ортопедия бөлімінің басшысы Есет Шахатбаевтың айтуынша, 40 жастағы әйел адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Газ баллоны жарылған кезде келіншек рөлде отырған, салдарынан денесінің көп жері күйіп қалған.

«Науқас есін біледі, алайда жағдайы ауыр. Бетін, екі қолдарын, аяғының алдыңғы жақтарын, ішін, денесін күйік шалған», - деді Есет Шахатбаев.

Еске сала кетейік, 1 маусым күні Ақтаудағы 28 бен 29 шағын аудандарының арасындағы жолда көлік өртенді.

Соңғы жаңалықтар