Ақтауда қоғамдық көліктің қатынайтын уақыты ұзарады
2022 жылғы 20 маусым 23:56

Ақтауда қоғамдық көліктің қатынайтын уақыты ұзарады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жаз мезгіліне байланысты 1 шілдедеден бастап №2, №3 және №5 автобустардың жүру уақыты кешкі 22:00-ге дейін ұзарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Ақтау қаласы бойынша таңғы сағат 06:40-тан кешкі 20:00-ге дейін №2, №3, №4, №4м, №5, №7 автобустары тұрақты қызмет көрсетеді.

Аталған маршруттардың интервалы кешкі сағат 20:00-ге қалыпты уақыт аралығында, яғни, №2 маршрут үшін 12-14 минут, №3 маршрут 6-8 минут, №5 маршрут 14-16 минут аралығында қатынай береді.

Ал, сағат кешкі 20:00 мен 22:00 аралығында жолаушылар ағынының азаюын ескере отырып, автобус аралығындағы интервалдар №2 маршрут үшін 18-20 минут, №3 маршрут 12-14 минут, №5 маршрут 20 минут болады.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT