Ақтауда қоғамдық көлікте жол ақысы 70 теңгеге көтеріледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы 50 теңгеден 70 теңгеге көтеріледі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа баға Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылдың 12 желтоқсандағы шешімімен келісілген.

«Бұрын 50 теңге Республика бойынша ең төменгі баға болатын. 70-теңге де Республика бойынша ең төменгі жолақы болып саналады. Баға субсидия төлеу ақысы шешілгеннен кейін 70 теңгеге көтерілетін болады. Жол жүру ақысының өсуімен қатар, барлық қоғамдық көліктерге жол ақысын электронды төлеу жүйесі (валидаторлар) енгізіледі. ҚР-ның 2003 жылдың 4-ші шілдедегі Автомобиль көлігі туралы заңының 20 бабына сəйкес, 7 жасқа дейнгі балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді және 7 жас пен 15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік берілген»,-делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар