Ақтауда қоғам белсенділері студент жастармен кездесті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қоғам белсенділері президент сайлауында дауыс беретін жастарға ел болашағы үшін таңдау жасаудың маңызын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараның мақсаты - жастардың сайлаудағы құқықтарын білуі, оны пайдалануы, сол арқылы мемлекетті басқаруға араласуына ықпал ету.

Қоғам белсендісі, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің директоры Аят Сүгірбай әлемдік қолданыстағы президент сайлауы ұғымына анықтама беріп, қоғамда қандай тұлғалар президент бола алатыны жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, жастар - ел болашағы екенін айта келе, олар Отан және ата-ана алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, сайлауға белсене қатысуы керектігін жеткізді.

«Алдымызда саяси науқан келе жатыр, соған бір кісідей жұмыла атсалысуымыз керек. Жастар - ең белсенді әлеуметтік топ болғандықтан, олардың сайлаудағы пікірі мемлекет үшін өте маңызды. Сондықтан да, елдің ертеңі үшін, Отанымыздың болашағы үшін әрқайсымыз сенімді, нақты таңдау жасауға тиіспіз. Біз, жастар, президент сайлауында әр азаматқа артылатын жауапкершілікті сезінуміз керек», - дейді Аят Сүгірбай.

Шарада президент сайлауында алғаш рет дауыс беретін студент жастар өз ойларымен бөлісті.

«Бүгінгі кездесуде алдағы кезектен тыс президент сайлауының маңызы және әрбір жастың дауысы ел үшін қажет екенін ұғындық. Мен сайлауға қатысамын және барлық замандастарымды осы сайлауда дауыс беріп, өз таңдауын жасауға шақырамын»,-дейді студент Айнұр Аяпова.

Айта кетейік, шараға қаламыздағы арнаулы оқу орындарынан 60-тан астам студент қатысты.

Соңғы жаңалықтар